БҰЛ – ӘЛЕМДЕ БАР ҮРДІС

b30cd6b4364b16b3ab63770c5a0d1552 Жаңалықтар

Atr.kz/23 наурыз, 2019 жыл. Елордамыздың енді «Нұр-Сұлтан» болып өзгертілгеніне қуанып отырғанын жеткізді Мақат ауданында орналасқан Б.Қанатбаев атындағы мектеп мұғалімі Амангүл ТОҚСАНОВА біздің сайтқа берген сұхбатында

1448887 dostoprimechatelnosti astany s nazvaniyami

– Біреулер бұған шошына қарайды, бірақ, мұндай үрдіс әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар, – дейді ол. – Елбасы есімін ұлығылау арқылы біз өткенімізге бас иеміз, кешегі күнге ризашылық білдіреміз деп ойлаймын.

  • Мойындаймын, «Астана» деген атауға әбден бой үйретіп, бауыр баспаған қазақстандық жоқ шығар. Оны қойшы, сырт елдердің өзі «Астана» десе елең ете қалады. Бірақ, өмір бір орында тұрмайды ғой. Қара судың өзі бір жерде жиналып ұзақ тұрса, әуелгі қасиетін жоғалтып иістене бастайды. Міне, дәл сол сияқты, қоғам да жаңарып, сын сүзгісінен өтіп тұруы тиіс деп санаймын.

Ендеше, осы тұрғыдан алып қарағанда, өмірге өзгерістер енгізіп тұрудан қорықпау керектігін айтады жас маман. Осылайша, ол барша ел азаматтарын «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара ел үшін қызмет қылуға шақырады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз