Ұлттық бірыңғай тестілеудің уақыты кейінге шегерілетіні рас па?

200402172119944a3632895i Білім

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Ұлттық бірыңғай тестілеу өзінің мерзімінде өткізіледі деп жоспарланған. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингіде осылай мәлім етті.

Брифинг барысында «карантин ұзарып жатса Ұлттық бірыңғай тестілеудің уақыты кейінге шегеріле ме?» деген сауал қойылды.

«Бұл сауалды ата-аналар қойып отыр. Бүгінде бұл бағытта шешім қабылданған жоқ, әлі ертерек. Өйткені санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалай өзгеретіні әзірге беймәлім. Сондықтан жағдайға байланысты Білім және ғылым министрлігі толық ақпаратты беретін болады. Бүгінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өзінің мерзімінде өткізіледі деп жоспарланған. Сәйкесінше, басқа өзгерістер енгізілмеді», – деді Ш. Каринова.

Сонымен қатар ол жоғары сынып оқушыларын аттестау мәселесіне де тоқталды.

«Қорытынды аттестауға қатысты, яғни 9-шы және 11-ші сынып оқушыларын аттестауға қатысты ата-аналар сұрап жатыр. Бұл тақырыпқа қатысты қосымша хабарлаймыз. Қазіргі негізгі мақсат – IV тоқсанды қашықтан оқыту», – деді вице-министр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз