Ұлан – әлем чемпионы!

Ұlan Жаңалықтар

Atr.kz/10 маусым, 2019 жыл. Жуырда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жекпе-жек сайысынан әлем чемпионаты өтіп, кіл мықтылар бас қосқан бұл сайыста 60 келі салмақта ел намысын қорғаған атыраулық спортшы Ұлан Мұқашев  барлық қарсыластарынан басым болып әлем чемпионы атанды.

Жарыс жолында жерлесіміз бес кездесу өткізіп, алғашында Өзбекстан, Ресей, Молдова спортшыларын айқын басымдылықпен жеңді. Одан соң, жартылай финалдық бәсекесінде Белоруссия елінен келген спортшыдан үстем болып, ақтық сайыста ресейлік қарсыласы Дмитрий Казигашевты  сан соқтырды. Бір қызығы, осыдан екі жыл бұрын бұлар дәл осындай әлемдік сайыстың ақтық сынында күш сынасып, ол кезде ресейлік саңлақтың жұлдызы жоғары болған еді.

Атырау жұршылығы алтыннан алқа тағынып келе жатқан Ұланын және оның жаттықтырушысы Хайдар Есенғалиевті Атырау темір жол вокзалында сән-салтанатпен күтіп алды. 

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз