Үй карантинінде жатсаңыз, не істеу керек? (+ИНФОГРАФИКА)

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар ИНФОГРАФИКА

Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Үй карантиніндегі адамдарға арнайы нұсқаулықтарды ұсынамыз.

Үй карантинінде жатқан адамға нұсқаулық:

1. Үйден шықпау керек.

2. Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүрту керек. Медициналық масканы нығыз жабыстыра тағып, екі сағат сайын ауыстырып отыру қажет.

3. Тамақ ішер алдында, сонымен бірге дәретханадан кейін қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүртуді ұмытпау керек. Қолды сүрту үшін мүмкіндігінше бір реттік майлықты пайдалану керек.

4. Жеке пайдаланатын ыдыспен тамақ ішу керек.

5. Денеде қызу немесе өзге де жайсыздықты сезінген жағдайда COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласқан немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақырған дұрыс.

***

Үй карантинінде болған жағдайда қашықтан мониторингті қамтамасыз ету үшін мына шарттар орындалуы тиіс:

Үй карантині қамтамасыз етілген отбасындағы адамдарға нұсқаулық:

1. Бөгде адамдардың үйге кіруіне тыйым салынуы керек.

2. Карантин бөлмесіне кірер кезде медициналық масканы нығыздап, мұрын мен ауызды жауып тұратындай кию керек. Егер медициалық маска кірлеп немесе дымқылданып кетсе оны жаңа маскаға ауыстыру қажет. Медициналық масканы шешкен кезде тиісті техниканы ұмытпай, алдыңғы бөлігін ұстамау керек.

3. Отбасындағы адамдардың дене қызуын күніне 2 рет өлшеген жөн.

4. Бөлмені күніне екі рет желдеткен дұрыс.

5. Дымқыл тазалықты күнделікті жүргізу керек.

6. Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Қолды сүрткен кезде бір реттік майлықты пайдаланған абзал.

7. Отбасының әрбір мүшесі жеке тазалық үшін бөлек ыдысты пайдалануы тиіс.

8. Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, антисептикпен сүрту керек.

9. Отбасындағы әрбір адамнан дене қызуы немесе жайсыздық байқалса COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласу немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақыру қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған