«Уақып» қоры атыраулық жеті имамға қолдау көрсетті

2 4 Жаңалықтар

«Бұдан былай алыс ауылда, ауданда қызмет етіп жатқан мешіт имамдары, ұстаздарына елімізде тұңғыш рет құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры қаржылай қолдау көрсетіп отыратын болады»,-деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

2-4

Жақында ғана атыраулық жеті дін қызметшісіне аталмыш қор қаржылай көмек көрсетті. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың айтуынша, қаржылай көмек Қызылқоға, Құрманғазы, Исатай, Махамбет аудандарында еңбек етіп жүрген имам-молдаларға берілген. «Ең маңыздысы, қор тікелей аудандық, ауылдық деңгейдегі имамдар үшін қызмет етеді. Әсіресе, ауылдық жерлердегі мешіттерде түсімнің болмайтыны белгілі. Кей имамдарға 15 мың теңге жалақы тағайындалған болса, дін қызметшілерінің біразы жалақысыз қызмет атқарып жүр. Бұл жағынан алғанда, қор Алла разылығы, асыл дініміз жолында сауапты іс атқарып отыр»,-дейді облыстың бас имамы Батыржан қажы Берденұлы.

Айта кетелік, «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың бастамасымен құрылды. Қор еліміздегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, рухани шараларға қолдау көрсету және діни қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға назар аударып отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз