Түн ішінде дәріхананы тонап кетті

Жаңалықтар Оқиға Құқық

Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Атырау полицейлері дәріхананы тонап, ұрлыққа түскен әккінің қылмыстық әрекетін әшкереледі. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың хабарлауынша, оқиға облыс орталығында Азаттық даңғылы бойында орналасқан дәріханалардың бірінде түнгі уақытта орын алды. 

Ұры дәріханаға оның терезесін ығыстыру арқылы кіріп, ASER ноутбукты, дәрі-дәрімектерді қолды етті. Қазіргі уақытта бұл қылмысты жасаған ұрының кім екені анықталды. «Ол – бүгінге дейін бірнеше рет ұрлық қылмыстары бойынша сотталған, 1984 жылы туған. Қазіргі уақытта сотпен оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялады.Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен, яғни,«Үй-жайға заңсыз кіруімен жасалған ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру  жұмыстары жүргізілуде» деді Гүлназира Мұхтарова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған