Туберкулезді емдеуге бола ма?

diagnostics Жаңалықтар

Atr.kz/ 27 наурыз, 2019 жыл. Атырау облысында туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы республикалық деңгейден жоғары.

Көрсеткіштің 1,5 есе жоғарылап, аурудың бұлайша дендеуіне не себеп? Оның алдын алудың жолдары қандай? Осы және өзге де сауалдар аясында  облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында өткен баспасөз-конференциясында кеңінен айтылды.       

– Аймақта туберкулезбен ауыратын белсенді және белсенді емес топта тұратын науқастардың google-картасы жасақталды. Бұл арқылы  науқастардың мекен-жайы, ем алу жағдайы видеобақылауға алынады. Бұдан басқа, ауруды ерте анықтау үшін диагностиканың заманауи инновациялық әдіс-тәсілдері іске асуда.

Бұрынғы жабдықтарға қоса, былтыр облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бактериологиялық зертханасына  «Bioneer» аппараты сатып алынды. Махамбет, Мақат, Құрманғазы аудандары екі модульді үш Gene Xpert аппаратымен қамтылды. Биыл тағы төрт құрылғы алу жоспарланды, – деді облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің  мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Серік Мұстафиев.                   

Аурудың алдын алуда жаңа туған балаға БЦЖ екпесін салдыру маңызды. Алайда, ата-аналар тарапынан екпеден бас тарту мәселесі әлі де орын алуда. Өткен жылы 479 баланың ата-анасы жеке және діни көзқарас бойынша екпе салдыруға қарсылық білдірді. Ал, шындығында шариғатта вакцина алуға еш тыйым салынбайды. Осы тұрғыда түсінік берген «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Мұхиддин Омаров дәрігерлер екпенің құрамының таза екенін дәлелдеп, теріс діни бағытта жүргендердің нақты көздерін жеткізу қажеттігі жөнінде ұсыныс білдірді.

  • «Тақырып аясында Елордамызда өткен семинарда ақ халаттылар  екпе құрамын ғылыми тұрғыда зерделеп көрсетті. Сол сәтте жиынға қатысқан жаңсақ ойдың жетегінде жүрген үш ана да балаларына екпе салдырды» деді ол.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Былтыр облыста 1322 амбулаториялық деңгейде емделушіге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек төленді. Ендігі уақытта емдеу нәтижесін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа дәрілер енгізілуде. Пациенттерді әлеуметтік қолдау жұмыстары артады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз