ТРИПТИХ: САНАға СӘУЛЕ шашқан ШАҚ

eknkenk Жаңалықтар

Аtr.kz/19 сәуір, 2020 жыл. Осы күнге дейін б ә з б і р е у л е р Қ а з а қ е л і н і ң мемлекеттілігі т ы м ә р і д е ж а т қ а н – д ы ғ ы н а к ү м ә н келтіріп, ауыздарына келгенін көкіп жүргенде, батыл түрде осы ғ а с ы р л а р қ о й н а – у ы н д а ғ ы к ө н е т а ­рихты кең к ө л е м д е қ а й т а жаңғыртуға ш е ш і м қабылданғаны ұлттық рухы­мызды ерекше көтеретін тағылымды бастама болды.

 І.Ғасырлар қойнауының күмбірі

«Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең басты­сы, біз нақты ғылыми деректер­ге сүйене отырып, жаhандық тарихтағы өз рөлімізді байып­пен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз»

(«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан)

Б ұ р ы н ғ ы «Қазақстан тари­хы» оқулығының өзі қандай жұқа бол­са, ішкі мазмұны да кеңестік саясаттың сүзгісінен өткендіктен тым тайыз болғанын барша­мыз да білеміз. Алайда, атамекенінде азаттық туын көтеріп, дербес іргелі хандық құрған қазақ халқының та­лайлы тағдыры маңдайына жазған тар жол, тайғақ кешулері хақында от жүректі, патриот тарихшылардың там-тұмдап жазып қалатын, көнекөздердің там-тұмдап ай­тып қалатын шежірелерінен сана саңылауына ғасырлар қойнауының әлдебір күмбірлері жетіп жататын. Содан-ақ біз тарихымыздың тым әріде жатқандығын жүрегімізбен сезінетінбіз.

Кезінде тарихшы Талас Омарбеков жазған мынадай жолдарды қойын дәптеріме түртіп қойған екенмін. «Біздің тарих – күрмеуге келмейтін қысқа тарих емес, түп тамыры мыңдаған жылдарға кететін күрделі тарих. Көп томдық қазақ мемлекеттілігінің тари­хын жазатын кез болды. Оның түп қазығы Қазақ хандығы бо­луы тиіс. Ал, бастауы сонау ғұн, қаңлы, үйсін және басқа тай­палар болғаны жөн. Мәселен, 100 кітаптан тұратын қазақ мемлекеттілігінің тарихын неге жазбасқа? Бізде осыншама томға жүк болатын тарих бар» деген екен Талас тарихшы.

Қазақстан тарихының жаңа көп томдығын жазатын кез келді. Мәселе – ол қалай жазылады, сонда! Ешкімге жалтақтамай, ашық, әділетті түрде тасқа басылуы тиіс. Біз ешкімге көз алартып, жер дау­лап отырған жоқпыз. Мұндағы айтпағымыз – қазақтың жері бүгінгі шекарамен шегенделіп қалмаған. Қазіргіден әлдеқайда кең болды. Бұл – шындық, бұл – тарих. Ешкім жоққа шығара алмайды. Тіпті, шекара сызығы бекітілген тұста, талай қазақ жері сыртта қалғанын, ол жерде өмір сүріп жатқандар ешқандай да оралмандар емес, өз ата- бабаларының мекенінде тірлік кешіп жатқандарын да баса көрсеткен жөн. Бұл жас ұрпаққа керек. Олар сырттағы қазақты «оралман» деп түсінбеуі үшін!

Алысқа бармай-ақ, біздің облысымыздың іргесіндегі шекаралас елді мекендердің көпшілігі – біздің ата- бабаларымыздың жайлаған атақонысы. Өлкетанушы- ғалым, жазушы Өмірзақ Қажымғалиевтың «Нарынға Бөкей бастап өтіп еді» атты зерттеу мақаласында («Атырау» газеті, №141, 9.XII, 2014 ж.) бұл туралы жан-жақты баяндала­ды. Тіпті, сол Бөкей ханның зиратының өзі Ресеймен екі арадағы шекарадан өтсең-ақ қол созым жерде көрініп тұр, яғни қазақтың зиялы бір ханы қазір өзге елдің аумағында мәңгіге тыныстап жатыр. Егер сол аймақ бұрын қазақтың жері болмаса, Бөкей ханды ел-жұрты әдейі орыстың топырағына апа­рып жерлемеген шығар. Немесе бұрын Қазақстанның астанасы болған Орынбор ше?..

Бір замандарда Алтын Орданың астанасы болған, Ұлы Жібек жолының бойындағы ең ірі шаhарлардың бірі – Сарайшықта қазба жұмыстарын жүргізген археолог-ғалым, та­рих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев қазақтың тарихын қытайлар тарихының басталу кезеңімен тұстас қарастыру керектігін айтады. «Біз өз тарихымызды қола, ерте темір, орта ғасырлар дәуірі сын­ды кезеңдерге бөліп жазатын болсақ, қытайлар өз тарихын әртүрлі династияларға бөліп жазады. Көнелері Шань, Инь, т.б. болып басталады да, Цинь, Хань, Тан, Юань деп тізбектеліп кете береді. Египетте де тарих­ты жіктеу осы принциппен жасалған» дейді ол.

Сөз жоқ, ғалымның осынау пікірінде бұлтартпастай қисын бар. Яғни, тарихты өзімізге тән жаңаша зерделеудің тұжырымдамасын нақты анықтап алуымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, бізде ежелден қалыптасқан қазақ шежіресі бар, тек оны жинақтай, жүйелей білу керек. Әр өңірдің сондай шежіресінен, ханы бар, ба­тыры бар, халқының тіршілік ету ерекшелігі бар тарихынан бөлек-бөлек нақты зерттеу­лер жасалса, соның бәрі тұтас Қазақ елінің тарихын құрар еді. 2024 жылы Алтын Орда мемлекетінің 800 жылдығы екендігін ойға алсақ, мұның өзі – біздің тарихымыздың тым әріде жатқандығының бұлтартпас дәлелі.

Ендеше, тарихымызды зерттеудің маңыздылығы айрықша. Осы орайда қыруар шаруа қазірдің өзінде еңсеріліп тұр. Өткен жылдары атыраулық ғалымдар Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Астра­хан, Орынбор, Қазан, Уфа қалаларындағы архивтерге барып, өлкеміздің тарихына қатысты құнды деректер жи­нап әкелді. Соның нәтижесінде «Орыс дереккөздеріндегі Атыраудың тарихы мен мәдениеті» атты бес томдық жинақ орыс тілінде жарық көрсе, «Каспий маңы қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы: XX ғасырдың 20-жылдарындағы ф о т о қ ұ ж а т т а р д а » тақырыбымен кітап альбом шығарылды. Бұл жұмыс алға қарай да жалғасын таппақ.

Тағы бір сүйінішті хабар – Атырауда облыстық және қалалық архив мекемелері үшін жаңадан ғимараттар салынатындығы. Ол 1 млн. сақтау бірлігіндегі құжаттарға дейін қамтымақ. Сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану музейіне де жаңа ғимарат салы­нып, онда озық технологиямен жабдықталған экспозициялық залдар, қор сақтау орындары, оқу кабинеттері, кино залы бо­лады. Оның үстіне, ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу да жоспарланып отыр.

«Хан ордалы Сарайшық» музей-қорығының одан әрі даму тұжырымдамасы жасалып, онда Сапар орталығын салу үшін арнайы жер телімі бөлінді. Ақтөбе-Лаэти қалашығында да кешенді археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, аспан асты музейін жасау да ұйғарылған. Атырауда Халел Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конфе­ренция өтіп, оған Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары қатысып, зерделі зерттеулерін ортаға салды.

Осы алқалы басқосудан соң «облыс орталығында Халел мен Жанша Досмұхамедовтердің бірге отырған немесе тұрған ескерткіші орнатылса» де­ген ұсыныс айтылды. Со­нымен қатар, шаhарымызда әйгілі Әйтеке бидің де еңселі е скерткішін орна ту д а «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан туындаған ізгі ой болатын. Осындай іргелі қадамдар, сөз жоқ, жастар үшін өрелі өнеге бастауы деп бағалаған ләзім.

Түйіндеп айтқанда, Қазақ е л і н і ң м е м л е к е т т і л і г і н а й қ ы н д а п , с а н а л а р д а жаңғыртатын мағыналы да, тағылымды үлкен шаруадан жергілікті өлкетанушы, тарих­шыларымыз да сырт қалмауы тиіс. Олардың ойлы да, жүйелі зерттеулеріне кейінгі буын сусап отыр. Өйткені, өткенін білмеген, оны әділетті де, салиқалы саралай алмаған ұрпақ болашаққа да айқын бағдар ұстай алмайды.

II. Ырыс, қайда барасың?

«…Қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр»

(«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан)

…Тәуелсіздігімізді жаhанға жар сала әйгілеп, егемен ел екенімізді жариялағанымызға бірнеше жыл ғана болған, әлі кеңестік империядан мұраға қалған күйреген экономи­каны жолға қоюмен арпа­лысып жатқан 1995 жылдың көктемінде Қазақстан халқы Ассамблеясын құрылған бо­латын.

Міне, содан бері сынаптай сырғып тарихи оқиғаларға толы 25 жыл өтті. Ассамблеяның т а р и х ы – о с ы у а қ ы т бедеріндегі Қазақ елінің тари­хы. Бұл кезеңде этносаралық қатынастарды реттеудің толық заңнамалық базасы құрылды.

Елімізде 820 этномәдени бірлестік жұмыс істесе, олардың құрамында 67 мыңнан астам адам бірлік пен ынтымақтастықты да­мыту жолында белсенді қызмет атқаруда. Біздің об­лысымызда да 17 этномәдени бірлестік бар. Атырау облы­сы Қазақстан халқы Ассам­блеясы төрағасының орынба­сары Гүлмира Шәкірованың мәліметінше, қазір мұнайлы өңіріміз тұрғындарының 91 пайызы – қазақтар болса, 33,6 мың орыс, 2,9 мың ко­рей, 2,3 мың татар, 1,1 мың өзбек бар. Қалған ұлт пен ұлыстар саны мыңға жетпейді. Қалың қазақ шоғырланған облысымызда өзге диаспора өкілдеріне деген құрмет пен шынайы бауырластық ахуал қалыптасқан. Атырауда олар бас қосатын арнайы «Достық үйі» тағылымды шараларға ұйытқы болуда.

«Ұлы даланың жеті қыры» м а қ а л а с ы А т ы р а у д а ғ ы этномәдени бірлестіктер ара­сында да қызу талқыға түсіп, олардың бәрі де бұқараға ұсынылған іргелі бастамалар шоғырын бір кісідей қуаттап отырғанына да куәміз. Редакци­яда өткізілген «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеде Зелимхан Зубариев, Зураб Бобохидзе және басқалары бұл туралы өзіндік құнды ой-пікірлерін «Қазақстан – біздің төл Отаны­мыз, оның шежіресінде біздің де талайлы тағдырымыз бар» деп түйіндеді. Әсіресе, «Ұлы далада пайда болған билер институты, дауды әділ шешу, ар тазалығы – әділеттіліктің ғажап форма­сы» деген олардың тәнтілікпен айтқан пікірі көңілге риясыз разылық сыйлайды.

Осы орай­да медиациялық қызметтің көшпелі өркениеттің билер сотының сілемінен алаты­нын шетел ғалымдары ашық айтуда. Бұл – Ұлы даланың әлем қазынасына қосқан зор үлесі. Айталық, Шығыс Еу­ропа елдерінде негізгі заң есебінде қолданылып келген 1519-1689 жылдарда жазылған төрелер жинағы – іс жүргізу кодексі қыпшақтың заң шығару ескерткіші болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Яғни, біздің дархан даламызда басталған мәдениет игілігін дүние жүзінің әлі күнге дейін көріп отырғанын дәріптей білген жөн. Өйткені, бұл заңдарда Адамзатты бірлікке, жарасым­ды тұрмыс кешуге үндеу желі болып өрілген.

Халқымызда мынадай бір тамаша тәмсіл бар: «Бақ, қайда барасың?» десе, «Ынтымаққа барамын» дейді екен. Біздің ширек ғасырдағы қол жеткізген жарқын жетістіктеріміздің бәрі де – осындай ынтымақ- бірлігіміздің бақ-берекеге бастағандығының жемісі. Осы тұрғыдан алғанда, біздің этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі шет мемлекеттерге де үлгі бо­лып отыр. Қазақ елінің бұл б а ғ ы т т а ғ ы т ә ж і р и б е с і Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 56 мемлекеттің тіліне аударылып, Қазақстанның барлық елдердегі елшіліктеріне таратылғандығы – осының айқын айғағы.

III. Ұлттың рухани әлемі

«Біздің даңқты батырла­рымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар»

(«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан)

Жайықты келіп алғаны,

Жағаға қолды салғаны,

Еділді келіп алғаны,

Етекке қолды салғаны,

Ойылды келіп алғаны,

Ойындағысы болғаны», – деп күңіренген еді ғой Мұрат Мөңкеұлы. Замана зарын одан басқа да жүрегі қан жы­лай жырлағандар аз емес. Ғасырлар бойы аңсап күткен азаттықтың асқақ рухын, оның соншалықты тар жол, тайғақ кешулермен келгенін сезіну үшін де сол тарих тағылымдарын терең зерделей білуіміз аса қажет.

«Мың өліп, мың тірілген» (Жұбан ақын) Қазақтың бағы жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығында ғана жанып, Тәуелсіздік тұғырына Ту байлап, Елтаңба қадады. Енді бәрін де жаңаша, бәрін де тыңнан бастау міндеті күн тәртібіне қойылды. Өйткені, кеңестік қиранды құрылымнан мұра болып, тек қана кетеуі кет­кен экономика, кенеуі кеткен тұрмыстық проблемалар ғана қалған жоқ. Сағы сынған сана, жүнжіген рух қалды. Соны көтеру бәрінен де қымбат еді.

Бірде «көшпенді», бірде «көшпелі» деп тәжікеге түскен тарихи терминнің өзіне де енді тереңдей үңілуге тура келді: Сөйтсек, біз қазақтың кең даласында, өзімізде ғана көшіп-қонып жүріппіз. Өз жерімізде, өз елімізде! Ендеше, «біз – көшпенді халықтың ұрпағымыз» деген таптау­рын тіркесті жаңа ғасырдың жаңаша көзқарасы тұрғысынан таразыласақ, біз әбден отырықшы елміз!

Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша тоғыздыққа табан тіреген Қазақстан «көшпелі» деген көшіп жүрген ұғымды отырықшылықпен түйіндеп, «Тәуелсіз Қазақ елі» деген мәртебелі атақты бұдан аттай жиырма тоғыз жыл бұрын күллі адамзаттың санасына құйды. Дүниенің төрткүл бұрышын жайлаған жұрт енді Қазақстанға қарай өкшесін жиі көтеретін болды.

«Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы – тарихтың толқынында өзінің ұлттық «мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ, бұл мүмкіндік қана, ол шындық, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге ай­налуы қажет» деп өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында жазғанындай, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өзін-өзі тануы арқылы өзін өзгеге танытуы мәселесін мемлекеттік тұрғыда көтерді.

Ол әлдекімдер алыс-жақыннан сұқ қадап, егемен елдің ертеңіне күдікпен қараған сол тұста «біздің де тарихымыз тереңде, өткеніміз өнегелі, өркеніміз өміршең» деген өршіл қағида ұстанып, тарихтың тағылымды сабағын қайыра оқып, қанаттана сілкінуге шақырды. Тәуелсіздіктің таңсәрісінде-ақ жас мемлекеттің болашақ ру­хани тұғырын ойлап, «Ұлттық татулық жылынан» кейін «Халық бірлігі және ұлттық тарих жылын» жариялады. Бұл шын мәнінде кең ойлап, кемел зерделенген қадам болды. Бұл игі жемісін берді, бергенін дүйім ел көрді.

Міне, «Ұлы даланың жеті қыры» – жалпыұлттық, бүкілхалықтық, мемлекеттік бағдарлама. Мұнда Қазақ халқының күллі тағдыры, Отанымыздың мерейі мен мәртебесі жолындағы парасат­ты пайымдар, алғы күнге ұлы мақсаттар қойған азаматтық өре, ең бастысы, көшбасшылық кемел болжам бар. Соның ішінде өзіміз сөз етіп отырған еліміздің руханият әлемінің бүгіні мен ертеңі де тұжырымды зерделенген.

Бұл іс жүзінде айқын көрініс те тауып жа­тыр: Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда бірнеше ондаған театр мен кино-концерт зал­дары, мәдениет ошақтары мен клубтар, кітапханалар мен оқу залдары, ғылыми-зерттеу институттарының ғимараттары, шығармашылық одақтардың үйлері мен өнер жайлары, де­малыс орындары мен шипажай­лар, жастар мен балалардың дарыны мен талантын ұштайтын орталықтар, стадиондар мен спорт алаңдары салынды. Әсем Астанамыздағы «Тәуелсіздік Са­райы», «Бейбітшілік және руха­ни келісім Сарайы», «Қазақстан» атты кино-концерт залы, Жа­стар сарайы, Спорт аренасы, Опера театры және басқа да адамның рухани әлеуетін артты­ратын нысандар қанатын кеңге жайды.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала тарихи сананы жаңғыртуды ғана емес, сол арқылы жас буынның бойында отаншылдық, патриоттық рух­ты оятуды, оларды туған елін, туған жерін сүюге тәрбиелеуді мақсат етіп қоюымен де құнды. Бұл бағытта да көптеген игі істер қолға алынып жатыр екен. Айталық, «Аталар сөзі – ақылдың өзі», «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі», «Күй – әпсәна, күй – ғұмыр» атты танымдық жинақтар шығару, «Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері» тақырыбында халқымыздың ұмыт бола бастаған ән-күй жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ұлттың рухани әлемі. Бұл – аса маңызды мәселе. Рухани азаттық дегеніміз – қоғам дамуының ең басты өлшемі, ең басты қайнар көзі. Санаң азат болмай, өзің толық азат бола алмайсың. Рухың жаңармай, жаңа заманға ілесе алмайсың. Рухың қайсар болмай, ұлттың ұлы дәстүрлерін жалғастыра алмайсың. Ұлттың рухани әлемін қалыптастыру саяса­ты – ел тәуелсіздігін тұғырлы да, мәңгілік етудің бірден-бір кепілі.

Ар қ а лы ақын Қа сым Аманжоловтың:

О, дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр.

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер, – деген өлең жолда­рын оқығанда Тәуелсіздіктің бағасын біле түсесің. Отаншыл отты сезім алпыс екі тамырыңды иітіп, көгілдір көкпен аста­сып, алып таулармен бастасып жатқан ұлы далаңа қарап, өзіңді шексіз бақытты сезінесің. Бұл бақыттың алтын тамыры Азаттықта жатыр. Аңсап күткен азаттық. Рухани әлемі бай, жан- дүниесі таза адам ғана оны шы­найы сезіне алады, оны баянды етуге жанын салады.

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ,

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз