Төтенше жағдай кезінде құны 37,6 млрд теңге болатын жобалар мақұлданды

10 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/24 сәуір, 2020 жыл. «Даму» қоры төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері «субсидиялау» құралы бойынша 37,6 млрд теңге сомасына кәсіпкерлердің 268 жаңа жобасына қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, «кепілдік беру» кәсіпкерлерді қолдау құралы бойынша 120 жаңа жоба қаралды. Бұл жағдайда несие сомасы 7,9 млрд теңгені, кепілдік сомасы 3,4 млрд теңгені құрады.

Карантин кезеңінде кеңес алу үшін Қорға келіп түскен өтініштер саны 50%-ға артты.

Жалпы алғанда, отандық бизнесті жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларын қаржыландыру үшін қазақстандық банктерде 375 млрд теңге қарастырылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз