Төмендетілген тариф тиімді ме?

tarif kymbat Жаңалықтар

Atr.kz/28 маусым, 2019 жыл. Биыл коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың бәрінде тұтыну тарифтеріне өзгерістер енгізілді.

Мәселен, «АтырауЭнергоСату» ЖШС бойынша 1 квт электр энергиясы үшін төленетін ақы бұған дейін қолданылып келген 5,31 теңгеден 4,35 теңгеге төмендеді. «АтырауСуАрнасы» КМК сумен қамту қызметінің ақысын (1 м3-ге) жеке тұлғалар немесе тұрғындар үшін бұрынғы 97,50-ден 92,63 теңгеге, заңды тұлғаларға 307,69-дан 291,63 теңгеге азайтты. Кәріз желісімен қамту қызметінің бағасы жеке тұлғаларға 32,0-ден 30,40 теңгеге (қосымша құн салығынсыз), з а ң д ы т ұ л ғ а л а р ғ а 140,64-тен 135,75 теңгеге өзгертілді.

«АтырауЖылу Электр Орталығы» АҚ жылумен қамту тарифін (1 Гкал үшін) 4 449, 41-ден 4 204,69 теңгеге, «көгілдір отынмен» қамтушы «ҚазТрансГазАймақ» Атырау өндірістік филиалы табиғи газбен жабдықтау қызметінің тарифін тұрғындар үшін 7 269, 83-тен 7 171,49 теңгеге кемітті. Көп қабатты үйлерде орнатылған жеделсатыларды (лифт) пайдалану қызметінің арнайы кәртішкелердің көмегімен жүзеге асырылады.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл қызметтің құны 6 теңге (шақыру және түсу) болып белгіленген еді. Енді оның тарифі де 5 %-ға төмендеп отыр. Осы саладағы екі кәсіпорында қолданыста болған бағаларды төмендету бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Күнделікті шығарылатын қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау тарифі 2014 жылдан әрбір тұрғынға 120 теңгеге тұрақтаған. Бұл қызмет түріне алынатын ақы өзгеріссіз қалды.

Ал, кондоминиум нысандарына (көп қабатты үйлер мен олардың аулалары) қызмет көрсететін мекемелердің 1 шаршы метрге алынатын шығындары орташа есеппен 25-35 теңгені құрап, 4 %-ға азайтылды. Әрине, тұтастай алғанда коммуналдық қызмет тарифтерінің төмендегені құптарлық қадам.

Әйтсе де, одан тұтынушылардың ұтары қандай, табиғи монополия субъектілері үшін қаншалықты тиімді? Мәселенің мәнісі осында болып тұр. Оның түйінін тарқатуға қызмет ұсынушы және тұтынушы болып табылатын қос тарап та мүдделік танытса дұрыс болар еді.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз