Теректі кесу өмір сүруін ұзартады

Теректі кесу Жаңалықтар

Қала тұрғындары редакциямызға хабарласып, Атыраудағы маусымдық теректерді кесу жұмыстарына қатысты түрлі пікірін білдіруде. Бірі бұл үдерісті қолдаса, кейбірі бұл зерделенбеген, ойланбастан жасалып жатқан қадам деп санайды. Осыған орай біз Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, мән-жайды сұрадық.

Теректі кесу

Мамандардың айтуынша, жыл ішінде қаланың орталық көшелеріндегі және даңғылдарындағы, алаңдар мен саябақтар аумақтарындағы 8482 дана теректі кесу жұмыстары жоспарланған. Бұл іс-шаралар қолданыстағы нормаларға сай жүргізіліп отырғандықтан, теректердің бұтақтарын жасартуға, пішіндеп кесуге, санитарлық тазалықты сақтауға септігін тигізеді. Сонымен бірге, ағаштардың эстетикалық келбетінің бұзылуының, қартаюының, әртүрлі зиянкестердің пайда болуы мен жол қозғалысының қиындауынан, электр беру желілерінің бұзылуларының алдын алады.

– Ағаш бұтақтарын бұлай кесу  олардың жапырақ өлшемін ұлғайтады. Арнайы мамандар ағаштарды кесу олардың өмір сүруіне қажетті операция екендігін айтады. Егер кесілмесе, ағаштар ұзақ өмір сүрмейді. Ал, облыс орталығында талдар табиғи ортадағыдай емес, басқаша өсетіні белгілі. Осыған орай Атыраудағы ағаштардың түбір жүйесі шамалы болады деп есептейді мамандар. Сондықтан, атқарылып жатқан игілікті істерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, – дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз