«Теңіз» неге толқыды?

2020 04 20 093850384100 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/20 сәуір, 2020 жыл. 2020 жылдың 19 сәуірінде «Бірлік» вахталық кентінде жұмысшылардың бірінен коронавирустық инфекцияның жұқтыру фактісі анықталды. Осыған байланысты, ауруды жұқтырған адам 35 адаммен байланысты болғаны анықталды. Байланысты болған адамдарды экспресс-тестен өткізу үшін «Болашақ» кентінің тұрғын-үй блоктарына орналастыру туралы шешім қабылданды. 

Тесттен өткен адамдардың барлығынан теріс нәтижелер анықталды.19 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 20.00-де Атырау облысының Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығының «Болашақ» кентінде 200 жұмысшы жиналды. Олар «Байланыста болған тұлғалар» ұғымы туралы хабардар болмауы себебінен басқа вахталық кенттерінен көшіріліп жатқан жұмысшыларды коронавирус инфекциясын жұқтырғандар деп есептеп,  олардың көшірілуіне наразылық білдірді.

Қызметкерлер мен компания, Жылыой ауданы әкімдігі басшылығымен кездесуі барысында «Бірлік» вахталық кентіндегі «коронавирус» диагнозы расталған жұмысшымен байланыста болған тұлғалардан ауру анықталған жағдайда оларды инфекциялық және провизорлық стационарларға оқшауландырылатыны туралы келісімге келді. Тест қорытындысымен теріс нәтиже шыққан тұлғалар 2020 жылдың 22 сәуірінде өндірістік қызметке шығады.

2020 жылдың 20 сәуір күні Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығының «Сана» вахталық кентінде тұратын «Консолидейтед Констракшн Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л.-офшор» компаниясы ЖШС филиалының 500 қызметкерлері  жұмысқа шықпады.Компания қызметкерлері өз іс-әрекеттерін «Бірлік» вахталық кентінде «коронавирус» диагнозымен 1 адам анықталғанын және өндірістік қызмет барысында ауруды жұқтыру қаупі бар екеніндігімен түсіндірген.

Қазіргі уақытта компания басшылығы мен Жылыой ауданы әкімдігі тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тараптар барлық жұмысшыларды экспресс-тестілерден өткізіп, екі күннен кейін оның нәтижелері жарияланып, теріс қорытынды шыққан жағдайда, сәрсенбі күні, 22 сәуірде жұмысшылар кері жұмысқа шығатындығы туралы  келісімге келді. Оған қоса, компания екі жұмыс күнінің жалақысы сақталатынын хабарлады.

Тест қорытындысы оң нәтиже берген жағдайда ауруды жұқтырған адамдарға стационарға жатқызу бойынша қосымша шаралар қолданылатын болады.Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың төрағалығымен арнайы жұмыс тобы құрылып, ол қазіргі уақытта Теңіз кен орнына барып, Теңіз қызметкерлерін тұрғылықты жерлеріне дейін апару мәселелерімен айналысатын болады.

«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз