Теңіз кеніші жұмысын жалғастыра ма?

whatsapp image 2020 05 22 at 07.36.00 3 Жаңалықтар

Аtr.kz/22 мамыр, 2020 жыл. Теңіз кенішінде арнайы комиссияның жұмысы жалғасуда.

​»Арнайы комиссия базалық өндіріс және Теңіз кенішіндегі Болашақ нысандарына барып, өндірістік базалардағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталу деңгейін тексерді» деп хабарлайды аймақтық шұғыл штаб.

Арнайы комиссия мүшелері 3GL алаңындағы жұмыстың үйлестірілу процесімен танысты. Карантин жағдайында мұнда 126 адам жұмыс істеп жатыр. Өндірістік бригадалардың жұмысы жасыл және қызыл аймақтарға бөлінген. Жұмысшыларға тек өз учаскелерінің аумағында ғана қозғалуға рұқсат етілген.​

Сондай-ақ, комиссия 3GP, яғни, үшінші буын зауытын аралады. Зауытта қазіргі таңда 1600 адам жұмыс істеп жатыр. Олар да арнайы топтарға бөлінген. Әр топты тасымалдайтын транспорттар бекітілген.​
Облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілхановтың айтуынша, бірінші және екінші буындағы зауыттардың жұмысы аса маңызды. Сондықтан, ерекше жағдайды қажет етеді. Өндірістік алаңдарда санитарлық ​ нормалардың және әлеуметтік ара қашықтықтың сақталу барысы ​ тексерілді.​

Және де, бірінші қажеттіліктегі мамандардың тасымалы мен тамақтану жағдайы да бақыланды. Өндірстік нысандардағы ахуалмен танысқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов ТШО жобаларындағы санитарлық нормалардың сақталу деңгейіне оң баға берді.​Инспекция қорытындысымен Теңіз кенішіндегі коронавирустың кеңінен жайылып кетуінің алдын алудың іс-шаралар жоспары бекітілді. Арнайы комиссия жұмысы жалғасуда.​

Еске сала кетелік, Теңіз кенішінде Атырау облысы әкімінің орынбасарлары Ержан Әбілханов, Бақытгүл Хаменова бастаған арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Жұмыс тобының құрамында медицина мамандары, эпидемиологтар, құқық қорғау органдары қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер және облыс ​ әкімдігіндегі ​ жауапты ​ басқармалардың өкілдері бар.​Вахталық қалашықтардағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша ауқымды жұмыс жүруде.​

whatsapp image 2020 05 22 at 07.36.00 2

«Теңізшевройл» компаниясы өндірістік қызметін үзіліссіз жалғастыруда

«Қазіргі таңда «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өзінің өндірістік қызметін үзіліссіз жалғастырып жатыр» деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ТШО компаниясының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

ТШО өндірістік қызметінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бұрынғыдай зор көңіл бөліп отыр. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыру көрсеткіші 77%-ті құрайды және ТШО жобаның жүзеге асырудағы «сыни жолдың» негізгі жұмыстарын қауіпсіз орындауға бағытталған шараларды іске асыруда.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы және бүкіл әлемдегі көптеген компаниялар сияқты, ТШО COVID-19 пандемиясының өндірістік қызметке әсерін барынша азайта отырып, қиын жағдайда әрекет етуге және қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті шаралар қолдануға мәжбүр.

Еске сала кетелік, бұған дейін ҚР Бас санитариялық дәрігері COVID-19 ауруының ушығуына байланысты Теңіз кенішінің жабылуы мүмкін екендігін хабарлаған еді.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-polici%d1%8f-podpolkovnigi-sheninen-ajyrylyp-qyzmetinen-quyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз