Теледидардан өзге елдің әдет-ғұрпын насихаттау қашан тыйылады?

28teleradio Жаңалықтар

Қазір технология дамыған заманда телекөрсетілім аясы едәуір кеңейді. Шетелдік болсын, өзіміздің отандық телеарналарда кино мен хабарларды  былай қоғанда, бағдарламалар мен ток-шоулардың неше түрі көбеюде.

28teleradio

Олардың ішінде тәрбиелік мән-маңызы жоғы да бар. Бүгін бар, ертең ел есінде қалмайтын бір күндік бағдарламалар да кездеседі. Бірақ, бүгінгі қоғам олардың аражігін ажырата алады. Себебі, теледидар алдында отырған көрермен өте талғампаз. Солардың бірі – Атырау қаласының тұрғыны, «Құрмет белгісі» орденді дәрігер, денсаулық сақтау саласының ардагері Тыныштық Мәтешқызы.

– Егер телекөрсетілім қызықтырмаған жағдайда, керегіңді ғаламтор желісінен тауып алуыңа болады, – дейді ол бізбен әңгімесінде. – Сондықтан, телеарна редакторлары жұртшылықтың назарын аудару үшін түрлі амал-айлаға барып жатады. Соның бір көрінісі – қазақ тіліне аударылған түрік, үнді, тай елдерінің телехикаялары. Осы орайда бір ойландыратыны, өзге халықтың әдет-ғұрпын насихаттаған киноны көріп өскен ұрпақтан ертең қандай азамат шығады?! Өзіміздің ұлттық кодымызды танытатын телехикаялар неге түсірілмейді?

Мәселен, жақында «Nur.kz» сайты үндістандық жоралғымен той өткізген қазақстандық жұп жөнінде хабарлаған болатын. Міне, бұл – сөзіміздің айқын дәлелі. Ендеше, теледидарға телмірген халық өзіне керегін, соның ішінде болашағына қажетін ғана алса деген тілегім бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз