Театр неден өртенді?

EAC3980 Жаңалықтар

Atr.kz/22 тамыз, 2019 жыл. Атыраудағы жалғыз театр ғимаратының неден өртенгені белгілі болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Рашид Бляловтың айтуынша, департаментке қоңырау сағат 13.30-да келіп түскен. Белгілі болғандай, қызыл жалын екінші қабаттағы электр реттегіштен тұтанған. Кейін үшінші, төртінші қабатқа ұласқан. Сөйтіп, 1500-1800 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ.

Ақыры, «тілсіз жау» сағат 18.18-де толықтай сөндірілді. Биіктігі 19 метр болатын ғимарат 1975 жылы салынған. Өкініштісі, 2017 жылы жоспарлы қауіпсіздік оқу-жаттығу шаралары өткізілгенімен, былтыр күрделі жөндеуге байланысты өтпей қалған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз