Теңіз кенішіндегі газдың атылуынан келген зиян мөлшері анықталды

20170518143314 Жаңалықтар

Ағымдағы жылғы 30 мамырда Теңіз кенішінде болған газдың атылуынан  экологияға келген зиян мөлшері белгіілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА меншікті тілшісі.

20170518143314

«Теңіз кенішіндегі газдың атылуының себеп-салдары мен зиянын тексерген арнайы комиссия өз жұмысын аяқтады. Экологияға тигізген зиян мөлшері 76,9 млн теңге көлемінде айқындалды. Сондай-ақ, «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы 169 млн теңге айыппұл төлейтін болады.

Облыстық экология департаменті  мамандардың қорытындысын «Теңізшевройлға» жіберді. Заң бойынша компания бір айдың ішінде келтірілген зиян мен айыппұл сомасын төлеуі тиіс», – деп хабарлады Атырау облысы  бас экологиялық инспекторы Қанат Қалмахан.

ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз