Тауық жылы сауық жылы болғай!

ANU 2180 Жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы Махамбет атындағы облыстық драма театрында аз қамтылған және көп балалы отбасыларына арнап жаңажылдық шырша өткізді.

anu_2180

Жасыл шырша мерекесіне келген балаларды партия төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев құттықтады.

Бұдан кейін балаларға театр әртістері дайындаған жаңажылдық қойылым көрсетіліп, қызықты ойындар ойналды. Жаңа Тауық жылы: «Мешін жылы жұмыртқа 30 теңгеден болса, менің жылымда 15 теңгеге төмендейтін болады. Біз тауықтармен солай келісіп алдық…» – деген сөзі қызықты әрі орынды шықты.

anu_2092

– Өздеріңізге белгілісі, «Нұр Отан» партиясынан адамдар түрлі көмек сұрап келеді. Бүгін де партия сондай өтініштің біразын қанағаттандырып отыр. Аз қамтылған және көп балалы шаңырақтың жүзге жуық ұл-қызы осындай қызықтың бел ортасында жүр. Бәріне тәтті сыйлықтар тегін таратылады, – деді  партияның баспасөз  хатшысы  Эльмира  Тұңғатарова.

anu_2094

Лиза СЕЙТІМОВА.

Суретті түсіргенӘнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз