ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

Өткен жыл мұнайлы өлке үшін табысты белестердің бірі болды. Әсіресе, аймақта ауыл шаруашылығы, индустриалды-инновациялық бағытта айтарлықтай іс тындырылды. Осынау жасалған игі істерге Елбасы мен Үкімет тарапынан тиісінше баға берілді. Ендігі міндет – жүзеге асқан жобалармен шектеліп қалмай, кемшін кеткен тұстарды анықтап, оны жоюға жұмыстану. Бұл ретте облыстық әкімдікте өңір басшысының бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалық етуімен селекторлық кеңес өткізілді. Он шақты мәселе қаралған үлкен жиынға аудан әкімдері онлайн режимінде қатысты.

Селекторлық кеңесте тұрақтандыру қорындағы картоп пен көкөніс өнімдерін тасымалдау, егін, мал шаруашылықтары, прокуратура мен қаржылық бақылау инспекциясының тексеру қорытындысы бойынша олқылықтарды жою және болдырмау, облыстағы ветеринария бағыты, жер учаскесін түгендеу, үдемелі  индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, шағын және орта бизнес пен  туризмді дамыту, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік саласы бойынша ауылдағы бизнес иелеріне несиелер беру жайы қаралды.

Өңірлік тұрақтандыру қорындағы өнімдерді тасымалдау бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Рысқалиев баяндады. Оның айтуынша, тұрақтандыру қорына фьючерстік және тікелей келісім-шарт арқылы 16 шаруа қожалықтарынан жоспар бойынша 6686 тонна картоп және көкөніс өнімдерін тасымалдау қажет.

– Қазіргі уақытта қоймада 2286 тонна өнім сақталуда. Бекітілген кесте бойынша тұрақтандыру қорына сатып алынған 2981 тонна картоп  және көкөніс өнімдерінің бүгінгі күнге дейін 749,9 тоннасы тасымалданды. Бұл көрсеткіш небары 25 пайызды құрап отыр. Алайда, аудан әкімдеріне берілген тапсырмалар өз деңгейінде орындалмауда. Мәселен,  Жылыой ауданында картоптың 26 пайызы, Исатай ауданында 27 пайызы ғана тасымалданған, – деді Сырым Мұратұлы.

 

Айбөпе САБЫРОВА.

Суреттерді түсіргенЕрлан АЛТЫБАЕВ.  

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз