Талап та, міндет те ортақ

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиевті қабылдады.

Кездесу барысында партияның әлеуметтік белсенділігі, өткен жылы облыста атқарылған жұмыстар мен аймақтың даму перспективалары сөз болды.

– Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жарғысы, ұраны, өзіндік ұстанымы, жұмыс істеу бағыты болғанына қарамастан, біздің ортақ мақсатымыз – адамдардың өмірін жеңілдетуге үлес қосу, ел үшін еңбек ету.  Сондықтан, барлық саяси ұйымдар осы мақсат негізінде жұмыс істеуі тиіс, – деп атап өтті облыс басшысы Нұрлан Асқарұлы.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев елімізді кемел келешекке жетелейтін Ұлт жоспарында қамтылған өзекті мәселелерді жүзеге асыру жалпыхалықтық іс екенін, осы орайда атыраулық халықшыл коммунистер де нақты жұмыстар атқаратынын атап өтті. Аталмыш құжатты жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге ынталы екенін айтып, ұйымның алға қойып отырған нақты жоспарларымен де бөлісті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз