ТАБИҒИ ГАЗ НЕГЕ ТОҚТАДЫ?

Кеше Атырау қаласының Еуропа бөлігінде табиғи газ беру тоқтатылды. Мұның себебін анықтағысы келген оқырмандар қоңырауынан редакция телефоны тыным таппады. Біз осыған орай «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау филиалына хабарласқан едік.
Атырау жұртшылығының «көгілдір отынға» алаңдауы түсінікті де. Бүгінгі таңда қала жұртшылығын айтпағанның өзінде, көптеген селолық елді мекендер де табиғи газбен қамтылды. Осылайша, қыс қаһарына мініп, күн суыта бастағанда жеке сектор тұрғындарының жылусыз қалған жайы бар. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау филиалы директорының маркетинг жөніндегі орынбасары Мақсот Әбуов қаңтардың 8-і күні, таңғы сағат 6.00-де газ желісінде апатты жағдай орын алғанын мәлімдеді. «Мамандар дереу жағдайды ретке келтіруге тырысты. Сағат 8-ден 15 минут кеткенде газ берілді. Барлығын бақылауға алдық», - деді бізбен әңгімелескен М.Әбуов.

Ал, қаңтардың 6, 7-сі күндері Авангард мөлтекауданының тұрғындары да кешкі уақытта бірер сағатқа табиғи газ тоқтатылғанын айтқан болатын. «АтырауГазИнвест» ЖШС бас инженері Қайыржан Мұхамбетжанұлынан білгеніміз, ауа райының өзгеруіне байланысты қысым да төмендеп кетеді екен. «Қаңтардың 6-сынан бастап мамандар кезекшілікте. Біз жағдайды бақылауда ұстайтын боламыз», – деді ол.

Айбөпе САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз