Табиғатқа жанашырлық керек

Елбасы жолдауы2 Жаңалықтар

Елбасының Жолдауы жан-жақты салаларды толық қамтуымен құнды, халық мүддесін көздеуімен маңызды.

Елбасы жолдауы2

Экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс деп агросекторға айрықша мән берілуі де – құнды құжатта ұдайы көтеріліп отырған тақырыптың бірі.

Логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағыты да Жолдаудың бір тармағы ретінде қарастырылып, бірқатар тапсырмалар жүктеліп отыр. Қазіргідей қыстың мезгілінде жолдардың қолайсыз ауа райына байланысты жабылып қалуын күн сайын естіп, біліп отырмыз. Осы ретте бұдан шығар бір жол – ағаш отырғызу деген ұсынысымды білдірсем деймін. Атырау тұрғындарының көмегімен болсын, өңірде қызмет атқарып отырған шетелдік кәсіпорындармен байланыс негізінде болсын, жол жиектеріне жасыл желек отырғызу ісі қолға алынса, қоршаған орта тазарып, үлкен жетістікке жетеміз. Көршілес Ресейде кеңінен жолға қойылған бұл үрдіс біздің өңірімізде де өріс алса, жолдарды қалың қардан сақтап қалуға,  экологияны  сауықтыруға табиғи жолмен қол жеткізер едік.

Жанай беркалиев,

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері:

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз