Таңдай орта мектебіне белгілі күйші Қаршыға Ахмедияровтың есімі берілді (ФОТО)

Главное фото 5 Жаңалықтар

Бүгін Махамбет ауданына қарасты Бақсай ауылдық округіндегі, Таңдай орта мектебіне қазақ өнерінің саңлақтарының бірі, дәулескер күйші Қаршымбай Ахмедяровтың есімі берілді.

Главное фото

Қаршымбай Ахмедяров 1946 жылы 25 наурызда Таңдай ауылында дүниеге келген. Күй өнерінің шоқтығы биік тұлғасы көзі тірі кезінде осы білім ордасының бой көтеруіне және жас домбырашылардың талантын шыңдауға сүбелі үлес қосқан азамат. Күйшінің осы еңбегі бағаланып, бүгін білім ұясына оның есімі берілді. Салтанатты шараға қатысқан Атырау облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қилымғали Қайненов күйшінің өмірбаянымен таныстырды. «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев жерлес күйшіміздің қандай тұлға болғандығы жайында әңгімелеп берді. Қаршымбай Ахмедяровтың ағасы Алғи Ахмедиярұлы да бауыры туралы толғанысын жеткізді. Парламент сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен күйшінің аяулы жары Нұрбике Жұмағалиқызы мектеп қабырғасындағы Қаршымбай Ахмедияровтың мемориалдық тақтасын ашты.

IMG-20170902-WA0037

Нұрбиек Жұмағалиқызы мектептің болашақ алтын белгі иегерлеріне 100 000 теңгелік шәкіртақы тағайындап, мектеп директорына сертификатын тарту етті. Бұған қоса күйшінің күйтабақтары мен кітапшаларын табыстап, 10 домбыра мен 5 ноутбук сыйға тартты. Күйшінің жан жары өз сөзінде бұдан былай да мектепке қамқорлық көрсетіп тұратынын айтып, жергілікті атқарушы орын басшыларына, өзге де үздік оқушыларға Қаршымбай Ахмедияров атындағы шәкіртақы тағайындауды ұсынды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ұлықбек Тналиев бұл ұсынысты аяқасты қалдырмауға уәде берді.

IMG-20170902-WA0028

Ұландар сәлемін жолдаған он оқушы күйшінің атына лайық шәкірт болатындарын өлең жолдарымен жеткізді. Бақсай ауылдық округінің әкімі Қайыржан Мәжиев Нұрбике Жұмағалиқызына барлық ауыл жұртшылығының атынан алғыс айтып, иығына камзол жапты.

IMG-20170902-WA0027

IMG-20170902-WA0023

Баян СҮЙЕУОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз