ТАҒАЙЫНДАУ

Атырау облысы әкімінің өкімімен:

Жұмыров Аманбек Қабдешұлы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жұмыров Аманбек Қабдешұлы 1964 жылы туған. Дәрігер-педиатр, экономика бакалавры. Ақтөбенің мемлекеттік медицина институтын, Атырау мұнай және газ институтын бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Гурьев облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастаған. Кейін, 1988-2001 жылдары қалалық, облыстық балалар ауруханаларында дәрігер-хирург болып еңбек еткен.

2001 – 2006 жылдары Махамбет аудандық орталық ауруханасын, 2006 – 2010 жылдары Махамбет аудандық емханасын басқарды.

2010 жылғы қаңтардан бастап №2 қалалық емхананың бас дәрігері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз