«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы»

басты такырып Жаңалықтар

Атыраудағы бір көше енді осылай аталады

Мораторий жарияланып, заңнамалық актілер қабылдануына байланысты бірқатар уақыт саябырсып қалған ономастикалық жұмыстар өткен жылдан бері жандана бастады. Қазіргі уақытта  облыстық ономастика комиссиясы белсенді қызмет етуде.

Таяуда облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен аталмыш комиссияның кезекті мәжілісі өтіп, мұнда 55 ұсыныс талқыланды.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d0%ba%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bf

Атырау қаласына қарасты Қайыршақты, Балықшы, Жұмыскер  ауылдық округте-ріндегі және Жылыой, Индер, Қызылқоға, Махамбет аудандарының елді мекендердегі көшелерге тарихи тұлғалардың, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, өңірдің дамуына үлес қосқан адамдардың есімдерін, қазақы мәнді атауларды беру туралы мәселелерді комиссия мүшелері сараптап, 38 ұсынысқа қолдау білдірді. Есімдері көшеге берілгендердің ішінде атақты геолог Т.Жұмағалиев, белгілі педагог, ҰОС ардагері Ж.Жангереев, әйгілі бағбан, соғыс және еңбек ардагері Д.Стамов, облыстың тіл, ономастика саласын дамытуда ерекше із қалдырған Х.Қуанышқали сияқты тұлғаларды атап өтуге болады. Ал, қаланың Қайыршақты селолық округіндегі бір көше биыл аталып өтілетін ел егемендігінің ширек ғасырлық мерейтойына орай «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» атауын иемденді.

Ономастикалық жұмыстардың белсенді жүргізілуі, әрине, оң үдеріс. Десек те, осы салаға қатысты проблемалық мәселелер де баршылық. Комиссияға ұсынылған материалдар бойынша түсінік берген облыстық тілдерді дамыту жөніндегі бас-қарманың басшысы Баязи Әбдешев осы жайтқа да тоқталды.

– Біріншіден, Ұлы Отан соғысы жылдары майданда қаза тапқандардың есімін көшеге беру жөніндегі ұсыныстар жиілеп барады. Әрине, елін қорғаймын деп аттанып, туған жеріне оралмай қалған боздақтардың есімі құрметтелуі керек. Бұл мәселе биліктің назарынан да тыс қалған емес. Боздақтар туралы кітаптар шығарылып, өздерінің туған ауылында ұлығыланады, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай соғыстан қайтпай қалған әрбір боздақтың есімі қаладағы «Жеңіс» саябағында арнайы естелік қабырғасына қашалып жазылды, энциклопедияларға енгізіліп жатыр. Сондықтан, олардың есімдері көшеге немесе белгілі бір нысанға берілмесе, ұмыт қалады екен демей, мәселеге байыппен қарау қажет. Тіпті, әрбір ардагер лайық десек те, кісі басына таратуға көше жетпес. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, май-  данға аттанып, қайтпай қалған 24 мыңға жуық жерлесіміз бар екен. Ал, облыс бойынша атаусыз тұрған көшелер  санаулы ғана.

Екіншіден, түскен ұсыныстар алдымен, ауыл, ауылдық округ деңгейінде жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қаралып, сұрыпталғаннан кейін ғана облыстық ономастикалық комиссияға жолдануы тиіс. Міне, осы деңгейде азаматтар мәселеге көңілжықпастықпен қарап, елеулі еңбегі жоқ адамдар қолдау тауып жатады.

Әркім-ақ өзінің атасын, тумасын дәріптейтіні түсінікті жағдай. Бірақ, адамның қоғам алдындағы еңбегін объективті бағалайтын критерийлер бар. Мәселен, ҚР «Тіл туралы» Заңында атау беруде тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру,  аса көрнекті мемлекет, қоғам, ғылым, мәдениет қайраткерлері және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдар қайтыс бол-ған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң ғана есімдерін беру қажеттігі көрсетілген.

Яғни, елді мекен, көше, ны- санға қалай да  адам есімін беруге ұмтылмау керек, сондай-ақ, шын мәнінде, айрықша еңбегі бар адамдар ғана ұсынылуы тиіс.

Басқарма басшысы ауылдық округтер әкімдері, мәдениет және тіл бөлімдері, жергілікті қауымдастықтардың мүшелері осы басымдықтарды басшылыққа алып, мұндай олқылық-тарға жол бермеу қажет екеніне назар аударды.

Жиын соңында комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Ибатолла-ұлы Индер ауданындағы  Кулагино орта мектебіне Қалам Есқалиевтің, ал, Құрманғазы ауданындағы Ганюшкин мектеп-интернатына Зейнолла Серік-қалиұлының есімдерін беру жөніндегі қайта атау туралы ұсыныстар барлық сатыдан өтіп, Үкіметтің таяудағы мәжілісінде қолдау тапқанын, енді  ҚР Үкіметінің қаулысымен ресімделіп, күшіне енетінін хабарлады.

Жазушы, әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиұлы есімі республикаға әйгілі болса, Қалам Есқалиев – облысқа танымал еңбегі сіңген ұстаз, есімі ұсынылып отырған мектептің негізін салған, өз қолымен кірпішін қалаған азамат. Сөз жоқ, осындай тұлғалардың ұлығылануы – көңіл қуантарлық жаңалық.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз