Тұтынатын өніміміз талапқа сай ма?

Тұтынатын өніміміз талапқа сай ма 2 Жаңалықтар

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Абат Жанғалиевпен кезекті брифинг өтіп, облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі талқыланды.

%d1%82%d2%b1%d1%82%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d3%a9%d0%bd%d1%96%d0%bc%d1%96%d0%bc%d1%96%d0%b7-%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bf%d2%9b%d0%b0-%d1%81%d0%b0%d0%b9-%d0%bc%d0%b0

Оның мәлімдеуінше, облыс аумағына сырттан тасымалданатын азық-түлік, көкөніс өнімдерінің  барлығы талапқа сай келе бермейді. Инспекция басшысы сондай-ақ, өсімдіктерді қорғау мақсатында жасалып жатқан негізгі жұмыстарға да тоқталды. Бүгінде облыс аумағында ерекше қауіп туғызып отырған италияндық прус пен азиаттық шегіртке деп аталатын үйірлі шегірткелер  болып табылады. Оларды анықтап, жою жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Биыл 1-28 маусым аралығында үйірлі шегірткелерге  қарсы облыс бойынша 24 600 га аймақта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген.

– Инспекция өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiк ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды. Бұл  егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен ел аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған, – дейді Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Абат Жанғалиев.

Атырау облысы мен Ресейдің Астрахан облысы арасындағы шекара жолағындағы аймақтар бойынша зиянкестің қоныстану тығыздығы экономикалық зияндылық шегінен төмен. Сонымен қатар, бірлескен зерттеу жұмыстары Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарымен шекаралас аймақтарында да өткізіліп, көршілес облыстардың сала мамандары өзара тәжірибе алмасты.

Барлық аудандар мен Атырау қаласы бойынша он екі рет штаб отырысы өткізіліпті. Қазіргі таңда жер телімі иелерімен және атқарушы органдармен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Науқандық жұмысқа 24 көлік пен 105 адам жұмылдырылған.

Абат Жанғалиевтің айтуынша, кедендік одақ аумағынан фитосанитариялық сертификатсыз өсімдіктер карантиніне жатқызылған өнімдерді  тасымалдаған 29  автокөлік кері қайтарылған. Өсімдіктер карантині саласы бойынша күні бүгінге дейін 16 нұсқама беріліп, 107 әкімшілік хаттама толтырылып 5 281 290 теңге  айыппұл мемлекет пайдасына өндіріліпті.

Нұрислам МӘУЛЕНҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Абдулкарим Сұлтанғали

    Сөздің шыны керек, шегірткелер бұрынғыға қарағанда әрине аз. Бірақ та, бір алаңдататын мәселе қазір тас жолдарда жылан өлімі көбейіп кетті. Бұның қалай алдын алуға болады?