Тұмауға қарсы тегін екпе егу науқаны басталды

44092424 Жаңалықтар

Атыраудағы емдеу-сауықтыру мекемелеріне әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар үшін 30 мың тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасы келді. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен 26 миллион теңге бөлінген.

44092424-800x480

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде хабарланғандай, бүгінде маусымдық ауруға қарсы екпе егу науқаны басталып та кетті. Бұл қызметті жүкті әйелдер, емханаларда диспансерлік тіркеуде тұрған балалар, зейнеткерлер мен медициналық қызметкерлер тегін пайдалана алады. Ал, екпені ақылы түрде өңірдің кез келген тұрғыны тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан емханаға барып алуына болады.

Мөлдір БАЛТАБЕКҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз