СУЫ ТАПШЫ, ӨРІСІ ТАР… Мұнымен мал шаруашылығы қайтіп өркендейді?

1550124904 maldy asyldandyru Жаңалықтар

Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Биылғы жаздың ыстығы мен құрғақшылығы малға да, жанға да оңай тимеуде. Бұл жағдай әсіресе, төскейінде төрт түлігі мыңғырған, атакәсіпті нәсібіне айналдырған, облыс орталығынан шалғайдағы Қызылқоғаның шаруагерлеріне қолайсыздық туғызып тұр. Жылдан жылға табиғи су көздерінің тапшы болып, мал өрісінің тарылуы ауылдағы шаруа қожалықтарын әбден титықтатып, сарсаңға салуда.

 Соңғы жылдары Ойыл өзеніне өрден су келмей, арнасы тарылып кетті. Осылайша, содан тіршілік нәрін алып, қолындағы малын бағып отырған қожалықтар мен жеке шаруалардың бәрі дерлік түліктерінің басын шағындап, барын сақтап қалуға ұмтылуда. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кезінде малшыға жайлы қоныс, малға құтты өріс болған «Жаңақұдық»  қыстағындағы екі құдық мезгілінде бір емес, үш отар қойды суарып, шөлін қандырған шыңырау болған. Қазір оның суы тартылып кеткендіктен, әрі дегенде 150 жылқыны ғана суаруға жететін көрінеді. Оның үстіне, кейінгі кездері бұл аумақтағы жерасты суының көзі азайып, тереңдеп кеткен.

– Бү г і н д е а т а л ғ а н құдықтардың суы ең жақын дегенде 16 метр тереңдіктен бастап өнеді. Заманында жеті текше метрге дейін су беретін шыңыраудың қазіргі мүмкіндігі үш текше метрмен шектелуде. Шынын айтқанда, сол межеге әзер жетеді. Ал, мейірі қанып су ішпеген малда күй, өсім болмайтыны белгілі ғой. Амалсыздан төлдің басын азайтып, сатып жіберуге мәжбүрміз. Осылайша, былтырдың өзінде 120 мүйізді ірі қараны өткіздім. Бұл жағдай осы өңірдегі барлық шаруашылықтарға тән, ортақ жағдай десем, артық айтқандық емес. Бұрын аудандағы төрт түліктің но­байы Ойылдың бойы мен маңын сағалайтын. Енді одан да айырылып қалып отырмыз, – дейді белгілі кәсіпкер, «Нұрлы дала» ша­руа қожалығының басшысы Мұрат Сарманов.

Қызылқоға ауданындағы 26 елді мекен мен 300-ге жуық шаруашылықтың малы мен егініне пайдаланатын негізгі су көзі Ералы су қоймасы болып табылады. Алайда, соңғы он жылда мұндағы судың көлемі айтарлықтай а з айды. Бүг інде жоба бойынша жылына 21 млн. текше метрге дейін су жиналуға тисті қоймадағы судың нақты көлемі соның 30 пайызын құрайды. Тағы бір  мәлімет, Ойыл өзені осы Ера­лы су қоймасы арқылы үш тарапқа бөлінеді. Біріншісі, негізгі арнаның бойымен жолындағы елді мекендерге су жеткізсе, қалғандары қолдан қазылған каналдар арқылы шабындықтар мен жайылымдарға шығады. Бұрындары мамыр айында қойма суға толып, ешқандай тапшылық болмайтын. Өр суы келіп, арнаны толтырмағандықтан мұндай молшылық бұл күнде көзден бұл-бұл ұшты.

« Қ а з С у ш а р » Р М К Қызылқо ға өнд ірі с т ік у ч а с к е с і н і ң б а с т ы ғ ы Сайлаубек Темірғалиевтің айтуынша, бұрын су тасыған кезде қоймадағы судың биіктігі 3,20 метрге дейін көтерілетін. Қазір, қанша жерден қақпақтарды жауып, бітегенмен, Жарыпшыққан өзегінің бойымен ағатын судың деңгейі 80 см-ден аспауда. Соның өзінде, сушылар қолдағы бар мүмкіндікті қалт жібермей, Жарыпшыққаннан шыққан суды Тайсойған бағытына қарай жіберудің қарекетін жасап жатыр.

Сайып келгенде, табиғи с у д ы ң т а п ш ы л ы ғ ы , қ у а ң ш ы л ы қ п е н құрғақшылық малды өңірдегі шаруаның өрісін тарылтып, адымын аштырмауда. О с ы л а й ш а , ә л г і н д е й қиындықтар атакәсіпті дамытуға кедергі келтіріп, кері әсерін тигізіп отыр. Тығырықтан шығудың оңтайлы жолы ретінде, аудан басшылығы гидролог мамандармен бірлесіп, кешенді жоба жасақтауға кірісіпті. Нақтыласақ, олар жерасты су көздерін іздестіру мақсатында 30-дан 70 метрге дейінгі тереңдікке бұрғы салып көруді ойластыруда.

Дәулетқали АРУЕВ

Қызылқоға ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз