АТАҚТЫ «СТРИТ ВОРКАУТ» ШЕБЕРІ АТЫРАУДА МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗДІ (+ВИДЕО, ФОТО)

57068473 2403487953204915 7563689222188564480 o БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/Sb1HTrYii7Q

Atr.kz/ 17 сәуір, 2019 жыл. Атырау қаласындағы Қайырғали Смағұлов алаңында орын тепкен стрит воркаут (көшедегі спорт) алаңында Жастар жылына орай  бұқаралық спортты дамыту клубының ұйымдастыруымен стрит соркауттан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Айтым Жакуповтың шеберлік сабағы өткізілді.

  • Бұл менің 2019 жылғы өңірлерде өткізген алғашқы шеберлік сағатым. Оның еліміздің мұнайлы астанасы саналатын  Атырау қаласында өткеніне қуаныштымын. Себебі, мен Атырауға былтыр үш рет келдім. Содан бері көп дүние өзгергендей.  Бір жыл бұрын көрген жастар бүгінде өздерінің шеберлік деңгейлерін өсіріп, дайын спортшыға айналған екен,  – деді  Айтым Жакупов шеберлік сағатын тамашалауға келушілер алдында.

  Жиында сонымен қатар,  қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» клубының басшысы Алмаз Имаш, белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Көшқалиевтер сөз алып, көпшілікті жаздық жаңа маусымның ашылуымен құттықтады.

Бүгінгі күні елімізде 100 мыңнан астам адам шұғылданатын спорттың жаңа түрінен өткізілген бұл шараны тамашалауға келушілердің негізгі дені жастар болды. Ашық аспан астында  өз дене салмағымен жаттығу жүргізуді қамтитын трендтік спорттың бұл  бағытында негізгі жаттығулар көшедегі турниктерде, қоссырықтарда орындалады екен. Ел құрамасының бас жаттықтырушысы алдымен атыраулық спортшылардың аяқ алысын байқап көріп, артынан аталмыш спорттың бірнеше жаттығу тәсілдерін іс-қимылымен көрсетіп жұртшылықтың таңданысы мен ризашылығына бөленді.

Осыдан соң, шеберлік сағаты аясында түрлі элементтер көрсетіліп, жастар өзара тәжірбие алмасып, аға буын өкілдері де өздерінің күшін сынап көрді. Сондай-ақ, жаңа спорт түрінің бірнеше элементін меңгерген белгілі  әншісі, жерлесіміз Бейбіт Көшқалиев өз өнерін паш етіп, көрермен қошеметіне ие болды. 

Мұратбек ЖАҢАБАЙ.

Бейнежазбаны түсірген автор.

Суреттер Ілияс ШАЙХИЕВТІКІ.

56942575 2403487846538259 856357878288613376 o
56951158 2403487819871595 379639692666077184 o
56997526 2403487983204912 2590334096643194880 o
57026455 2403471223206588 6571761744878764032 o
57094472 2325285421061353 5645453529536528384 o
57098939 2403488163204894 4818503266553823232 o
57198862 2403488203204890 4116049536953090048 o
57284469 2403487883204922 4285436368433184768 o
57370614 2403471253206585 7453855904723632128 o
57446521 2403471309873246 1995159583420579840 o
57546514 2403471486539895 5694107747994304512 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз