Ұстаздар арасындағы ашық біріншілік

Безымянный 2 Білім

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мектеп мұғалімдері арасында «Дені сау ұлт – тәуелсіздік тірегі» ұранымен волейболдан ашық біріншілік өткізілді.

%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d1%8b%d0%bc%d1%8f%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%b9

Тартысты байқауда жалпы 6 команда қатысып, бақ сынасты. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ағарту және туризм бөлімінің басшысы Нұргүл Оразғалиевадан білгеніміз, бірінші орынды «Геолог» (Қ.Сәтбаев атындағы №19 орта мектебі) құрама командасы жеңіп алды.

Ашық біріншіліктің ашылу салтанатында сөз алған «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты директорының күзет жөніндегі орынбасары Әлімғали Дауылбаев жарысқа қатынасушыларға сәттілік тіледі.

Аталған сайыста Крупская атындағы №18 орта мектеп құрама командасы жүлделі үшінші орынға ие болды. Екінші орын «Барыс» командасына (№4 Гагарин орта мектебі) бұйырды.  Сонымен қатар, жарыста «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Шәкәрім Казбеков (Облыстық ветеринария зертханасы), Әскер Шамахов (№18 орта мектеп), Әділжан Маев (Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы), Аманжан Қатапов («Ақжайық» резерваты) дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздары мен жүлдегерлер кубоктармен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылардың ерекше ықыласына бөленген ашық біріншілікте команда өкілдері өздерінің ризашылықтарын білдірді.

А. МҰРАТҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз