Стандарттау жүйесі – өнімнің бәсекелік қабілетіне ықпал етеді

Стандарт Жаңалықтар

Стандарттау жүйесі – өнімнің бәсекелік қабілетіне ықпал етеді. 14 қазан – Бүкіләлемдік стандарттау күніне орай Атырауда стандарттау және сертификаттау саласының мамандары,  кәсіпорын мен мекеме өкілдері бас қосты.

Стандарт

Жиында  мамандар аталмыш саладағы жетістіктер мен өзгерістер жайын алға тартты. Сондай-ақ,  облыстағы  кәсіпорындар мен мекемелердің  техникалық регламент жобаларын қарастыру, «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру процесін талқылады. Осы орайда, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Атырау филиалының директоры Надежда Дю «SMART CITI» саласын нормалау жүйесін слайд арқылы түсіндіріп, жұмыс жүргізудің тиімді жолдарына тоқталды.

«Стандарттау – экономиканы басқарудың бірден-бір тетігі. Жаңа өнімдер мен технологияның өзі стандарттауды қажет етеді. Сонымен қатар, бәсекелестік, инновацияларды енгізу, саудадағы кедергілерді жою, тұтынушы міндеттерін қорғау, мемлекеттік жеткізулер және саясаттың басқа да бірқатар бағыттарын қолдаудың шешуші факторы»,- дейді Надежда Дю.

Шара соңында саланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз