СОТТАҒЫ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов жергілікті соттың жалпы отырысында жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Елбасы Жарлығымен Атырау қалалық сотының құрамы үш судьяға толықты. Аталмыш соттың судьялары болып Базарова Алтынай Бейсенқызы, Батырғалиева Гүлфия Өтегенқызы және Серікова Алтынай Серікқызы тағайындалды. Жылыой аудандық сотына 2 судья – Алдамбергенов Руслан Темірханұлы, Аятов Жәнібек Салманұлы; Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына 2 судья – Байназарова Замира Ғабитқызы, Хабаров Жанат Саматұлы және Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Нұрымова Тыныштық Темірғалиқызы тағайындалды.
Облыстық сот төрағасы жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.

Боранбай ҒАЛИЕВ,
облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз