Сорға шыққан көкөніс

Егін өсіру үшін әдетте құнарлы топырақты алқаптың таңдалатыны белгілі ғой. Бірақ, Исатай ауданы Зинеден ауылының тұрғыны Бағила Сралиева бұлай санамайды. Ол сорлы жерде де жылыжай кәсібін өркендетуге болатынын дәлелдеді. Осылайша тәуекелге белді бекем буған кәсіпкер шаруашылық саласына тың жаңалық әкелді. 

Бағила көп балалы отбасының жалғыз тіреуі боп отырған жұбайына қол ұшын бергісі келгенін айтады. Осы оймен бұған дейін шаштараз ашуға тырысқан. Алайда, кейін бұл райынан қайтып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен басқа істі қолға алады. Сәті түсіп, мемлекеттен үш миллион теңге көлемінде несиеге ие болады. Сөйтіп, Ресейдің Астрахан қаласынан төрт жылыжай сатып алып, әуелдегі арманын жүзеге асырады.    

Бұрын мұнда жылыжай шаруашылығымен ешкім айналысып көрмеген екен. Бірақ, бұл ойлағанымды іске асыруға бөгет болған жоқ. Керісінше, ауыл кәсіпкерлігіне тың серпін әкелуге деген құлшынысымды еселей түсті. Қазір мұнда қияр мен қызанақ өсіріп отырмын. Ауданда көкөніске деген сұарныс өте жоғары. Сондықтан, іс оңға басса, болашақта кәсібімді кеңейтпек ойым да жоқ емес, – дейді ол.

Исатай ауданы.

 Нұр ислам

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз