Сізге қалай қызмет етеді?

сізге қалай Жаңалықтар

Сізге қалай қызмет көрсетеді? Осы мәселе Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында талқыланды.

%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b3%d0%b5-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b9

Мәжіліске Атырау облысы мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Амангелді Абдолов, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Жәнібек Нұржанов, «Атырау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалары бірлестігінің төрайымы Әлия Бекқожиева және үшінші сектор өкілдері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов, Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында қабылданған арнайы заң аясындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестациялау мәселесіне түсінік берді. Соның ішінде «Б» корпусының құрамындағы мемлекеттік қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау комиссиясының қызметін ұйымдастыру, оның міндеттері мен құқықтары, комиссия шешімдеріне шағымдану тәртібіне кеңінен тоқталды.

Айта кету керек, ведомствоаралық жұмысшы тобының басты мақсаты – халыққа көрсетілетін қызмет сапасының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Соның ішінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқара арасындағы байланысты нығайту болып табылады.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз