Шымкент маңындағы бөлімнен қаруланған әскери қызметші қашып кетті

soldaty Жаңалықтар

Atr.kz/20 ақпан, 2020 жыл.  Қаруды сақтау бөлмесінен бірнеше тапанша мен патрондар ұрланған. Полиция ер адамды іздестіру жұмысы жүріп жатқанын хабарлады.

Sputnik Қазақстанның жазуынша, қаруланған әскери қызметші Шымкент маңындағы бөлімнен қашып кеткен.

«Шымкент маңындағы әскери бөлімдердің бірінен келісімшартпен қызмет еткен кіші сержант қашып кетті. Қаруды сақтау бөлмесінде бірнеше қару жоғалғаны анықталды«, – делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Құқық қорғау органдары мен әскери полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы қолға алынды.

Желіде кезекшінің көмекшісі таңғы 4-те кезекшілік кезінде қару ұрлап, бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Мәтінде «Перехват» жоспары жүргізіліп жатқаны айтылған. 

Әскери қызметші отыз АК-74, жиырма жеті 9 мм ПМ (Макаров тапаншасы), АК патроны (420), Макаров тапаншасының патроны – 48, ПМ травматикалық тапаншасын (1, 24 патрон) қолды еткен.

http://atr.kz/bez-rubriki/samat-n%D2%B1rtaza-kishkentaj-balalardy-mitingige-alyp-keluge-%D2%9Barsymyn/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз