«Шырайлы Атырау» атты көрме өтуде

ЕАС 024 Жаңалықтар

Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұйымдастырылған Атырау облысының көркемсурет және қолөнер шеберлерінің қайталанбас туындыларына арналған «Шырайлы Атырау» атты көрме өтуде.

ЕАС 024

Көрменің мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлау, жергілікті суретшілер мен қолөнер шеберлерін ұлықтау, туындыларын халық арасында кеңінен насихаттау.

ЕАС 007

Көрмеде Атырау облысының көркемсурет және қолөнер шеберлері А.Кенен, Қайрат Шапабаев, Нұрсұлтан Қалиев, Талғат Жұмалиев, Мазен Шәкітегі, Талғат Қисметов, Зинат Орынбасарова, Надя Жамелова, Жайлау Таласов, Маршалл Маржан, Мейірбек Жағыппаров, Абай Хидуллин, Қалымбек Жұмашев сынды облыстың атағын асқақтатып жүрген, өнерлі өрендердің туындылары көрермендер назарына ұсынылды.

ЕАС 040

Көрме 7 – 19 қыркүйек аралығына дейін жалғасады.

ЕАС 010

ЕАС 012

ЕАС 048

ЕАС 002

 

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз