Шұғыл штаб карантин кезінде кімдердің жеке автокөлікті пайдалана алатынын айтты

1 3 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. Жеке көлікті қызметін жалғастыруға рұқсат берілген ұйым қызметкерлері ғана пайдалана алады.


«Жұмыс комиссиясы жеке автокөліктерді бекітілген уақыт аралығында ғана пайдалануға рұқсат беріп отыр» деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.


Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына толықтырулар енгізілді.


Құжатқа сәйкес, жұмыс комиссиясымен карантин кезінде қызметін жалғастыруға шешім қабылданған ұйым қызметкерлеріне жеке автокөлікті таңертеңгілік уақыт жұмыс орнына баруға және кешкісін үйге қайтуға ғана рұқсат беріледі.


«Жұмыс комиссиясымен карантин кезінде қызметін жалғастыруға рұқсат берілген ұйым қызметкерлеріне қала, аудан ішінде қызметтік көлікпен тасымалдауға мүмкіндік болмаған жағдайда, жеке автокөлікті таңғы сағат 6.00 – 9.00 аралығында және кешкілік 17.00 – 20.00 аралығында пайдалануға рұқсат берілсін» делінген Қаулыға енгізілген толықтыруда.


Ескерерлігі, жеке көлік иелері өзімен бірге жұмыс орнынан анықтама құжатын алып жүруі керек.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-1188-kop-qabatty-turgynujdin-kireberisteri-men-aulalary-dezinfekci%d1%8flandy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз