ШҰҒЫЛ! Коронавирус Теңіз кенішіне де жетті

c30a4db 0 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Бүгін таңда Атырауда 4 адамнан коронавирус анықталған болатын. Қауіпті инфекция жұқтырғандардың бірі Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 50 жастағы әйел адам болып шықты.

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке қарағанда, әйел адам ТШО компаниясына қарасты мердігер мекеменің бірінде жұмыс істеген. Вирус жұқтырған науқас «Ватернас» вахталық қалашығында тұрып келген.

Қазіргі таңда әйел адам инфекциондық изоляторға жатқызылды. Онымен қарым-қатынас жасаған адамдар анықталып, оқшауланып жатыр.

«Болған жағдай компанияның өндірістік жұмысына әсер етпейді. ТШО компаниясы қызметкерлерін вирустан қорғауға барлық жағдай жасады. Қазіргі таңда ТШО компаниясы төрт санитарлық бекеттің жұмысын ұйымдастырды» делінген хабарламада.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/%d3%99lemde-koronavirus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93andar-sany-15-million-adam%d2%93a-zhuy%d2%9btap-%d2%9baldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз