ШҰҒЫЛ! Атырауда кәсіпкерлердің әкімдік алдында не үшін жиналғаны белгілі болды

0 34 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Атырауда топ кәсіпкер тойханаға қатысты өз ұсыныстарын айтты»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


Банкет және той жасайтын ресторандардың иелері мен жұмысшыларының ұсыныстарын облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Олар біріншіден, 50 адамға болсын санитарлық талаптарды сақтай отырып той жасауға рұқсат беруді сұрайды.

Екіншіден, тойханаларының коммуналдық төлемін төлеуде әкімдік қандай да бір көмек көрсетсе дейді.


Облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов көптеген елдерде коронавирустың екінші кезеңі қатты жүріп жатқанына тоқталды. Бизнеске мемлекет тарапынан және облыс әкімдігі де көңіл бөліп отырғанын ерекше атап өтті. Алайда, әрбір азаматтың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Қауіп-қатерді ескере отырып өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік үшін біртіндеп жеңілдету шаралары жалғасып келе жатқанын түсіндірді. Ел бойынша 50 адамға тойханалар мен бакнет залдарына рұқсат беру әлі де болсын қарастырылып жатыр.    

 
Ал, облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев өз кезегінде, қауіпті індетті жұқтыру саны әлі де жалғасып жатқанда адамдар шоғырланатын мұндай той-томалақтар өткізудің қауіптілігін айтты. Жергілікті қаулының республикалық қаулыны негізге ала отырып әзірленетінін түсіндірді.  


Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов олардың ұсыныстарын ведомсвоаралық комиссияға қайта ұсынатынын айтып, кәсіпкерлік басқармасына нақты тапсырмалар берді.  


«Жиналыста айтылған мәселенің бәрін хаттамаға түсірдік, соның негізінде жұмыс жасаймыз. Әрине, бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Бүгінгі күні коронавирус пандемиясының қайта өршуіне байланысты әлемнің бірқатар елдерінде төтенше жағдай жарияланып жатқанын да білеміз.

Алысқа бармай көршілес Ресейде де жағдай күрделі. Соған қарамастан, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастырамыз. Бұрын олар ғимараттың жарығына төлем төлеп отырса, енді жылыту маусымы басталды.

Төлемдері көбейгенін айтады. Сондықтан, олардың тілектерін ескеріп, карантин кезіндегі талаптарды сақтай отырып екі жаққа да тиімді тұсын қарастыратын боламыз» – деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Абдуахит Әбішев.

https://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-bir-kunde-9-balany-it-qauyp-aldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз