ШҰҒЫЛ! Атырауда 19-шы адам вирус жұқтырды

Жаңалықтар

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. 35 жастағы ер адам Атырау қаласының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғанындай, бұл жігіт Қызылқоғадан Атырауға келіп қауіпті дертке шалдыққан әйел адаммен қарым-қатынас жасағандардың тізімінде бар.

“Осылайша, бұл 28 жасар қызылқоғалық әйел адамнан облыстық ауруханада вирус жұқтырып алған үшінші адам болып отыр. Қазіргі уақытта Covid-19 вирусы расталған ер адам инфекциондық карантинге жатқызылды. Тиісті ем-шараларды қабылдап жатыр” делінген Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, 30 наурызда Атырау қаласына карантин жарияланды. Бүгіннен бастап Атырау қаласына кіруге, қаладан шығуға толықтай шектеу енгізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, карантин 15 сәуірге дейін жалғасады.

Атырау облысы Бас санитарының бұйрығымен Атыраудағы мекемелер жұмыс аптасын қысқартуға, мүмкіндігінше онлайн форматта қызмет көрсету режиміне көшті.

Дәрігерлер атыраулықтарды үйде болып, отбасын аман сақтап қалуға шақыруда.

Бұл негізсіз үндеу емес. Италияда пандемия таралғаннан бері 13 915 адам көз жұмды. Бұл аталмыш елде тәулігіне 760 адам өмірмен қоштасып жатыр деген сөз.

Біз біргеміз! Үйде бол! Еліңді сақта!

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған