Шегірткеге қарсы амал

11515fe2f4160213e2c16b211d83decc Жаңалықтар

Atr.kz/4 тамыз, 2020 ж. Облыста өсімдіктер үшін қауіпті зиянкес саналатын шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары жүруде.

Мәселен, Махамбет ауданында итальяндық прус пен азиаттық шегірткелердің ошағын, таралу аймағын жою мақсатында жоспарлы жұмыстар ұйымдастырылуда. Осылайша, Бейбарыс ауылдық округіне қарасты Талдыкөл елді мекеніндегі «Шодыркөл» шабындық учаскесінен бастап, өңірдің бес ауылдық округінің 500 гектар аумағы химиялық өңделді.

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РМК Махамбет аудандық филиалының басшысы Мұстафа Таңатаровтың айтуынша, бұл жұмыс негізінен алматылық «ҚазАвиа» ЖШС және «ҚазақСервис» ЖК (Орал қаласы) мекемелерінің күшімен атқарылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз