«Шаңырақ» үйінде қайырымдылық акциясы өтті

IMG 0209 Жаңалықтар

«Балаларға қуаныш сыйла!» тақырыбында «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде қайырымдылық шарасы өтті.

IMG_0209

Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай ұйымдастырылған шарада тәрбиеленушілер арасында түрлі ойындардан жарыстар өткізіліп, балалар өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында түрлі тәтті тағамдар мен сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ, балалар арнайы құрылған атракциондарда ойнап, мәз-мейрам болды.

«Біздің мақсатымыз балаларды өзара қамқорлыққа, ізгілікке үндеу. Сол арқылы, жамағатқа ой салу», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

IMG_0090

Айта кетелік, шараны «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы мен Атырау селолық мұсылмандар мешіті бірлесіп өткізді.

Баян Атайманқызы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз