«Үсеновтің феномені» неде?

 Қоғамда кеңінен талқыланған мәселеге жуырда ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов пікір білдірді. Ол «Үсеновтің ісіне» қатысты айтылған еді.

  Осы өкінішті жағдай еліміздің заңдылығында айтулы өзгерістердің жүзеге асуына себепші болыпты. «Үсеновтің теріс және оң жақтары да бар. Теріс жағы – оның істеген ісі. Сол уақытта біз, құқық қорғау органдары, халыққа дұрыс түсіндіре алмадық. Сондықтан, әлеуметтік желіде адамдар талқылай бастады», – деді Бас прокурор. Осы ретте Жақып Асанов айыпты Үсеновтің қалған үш әкімшілік құқықбұзушылық бойынша барынша ең жоғарғы жазаға тартылғандығын баса атап өтті. «Үсеновтің феномені неде? Үсеновтен кейін барлығы, оның ішінде Парламент те ойланып Заң қабылдады. Егер қылмыс жол-көлік апаты барысындағы өлім-жітіммен байланысты болса, онда ешқандай да татуласу болмайды. Сол уақыттан бері мұндай қылмыстық құқықбұзушылық қылмыста татуласу қолданылмайды»,-деді ол. Тоқтала кетейік, Алматының тұрғыны Мақсат Үсенов 2013 жылы мас күйінде көлік жүргізіп, алты адамды қағып кеткен болатын.

  Одан бір жігіт қаза тапты. Екінші рет Мақсат Үсенов тізгіндеген көлік «Тойота» көлігімен соқтығысып, 38 жастағы келіншектің денсаулығына зақым келтірген. Екі жағдайда да Үсенов тараптардың кешірімін алып, әкімшілік жазамен шектелді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз