Сенат спикері Дариға Назарбаева Жайықтағы балық қырғыны мәселесін көтерді

2017112313003460968 news1470639614 Жаңалықтар

Atr.kz/ 28 наурыз, 2019 жыл. Сенат төрайымы экологиялық мәселелелерді еңсеру бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Бұл төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істер қозғалды. Дегенмен, балықтардың жаппай қырылуының нақты себептерін және қоршаған ортаға келтірілген залалды анықтап, осы төтенше жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде жұртшылықты кеңінен әрі ашық түрде хабардар етуге айрықша мән берілуі қажет», – деді ол.

Сондай-ақ, 13 наурызда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнынан шыққан өрт те Назарбаеваның назарынан тыс қалмады. Айтуынша, экологиялық мәселелерге жауапты мемлекеттік органдар қоршаған ортаға және тұрғындарға ешқандай зиян келмейді деп сендірсе де, апатты жағдайға нақты баға берілуі тиіс.

«Ауаның, судың, топырақтың сапасына күнделікті тексеріс жүргізу керек. Бұл мәселе Мемлекет Басшысының жеке бақылауында. Сондықтан, осы экологиялық мәселелелерді еңсеру бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігіне Үкіметтің назарын аударамын», – деді Назарбаева.

Сенат спикері қажет болған жағдайда, осы салаға қатысты заңнамаға тиісті түзетулер енгізу жұмыстарын қолға алған жөн деп санайды.

Дереккөз: «Спутник. кз»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз