«Сексен жылдан бергі серігім!»

propoprorpopop "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Atr.kz/23 қазан, 2020 жыл. Есімі облыс халқына етене таныс Парух Марданов – бар сана­лы өмірін ел экономикасын көтеруге арнап, әр жылдары білім беру, статистика, қаржы, партия, баспасөз, банк саласындағы жа­уапты қызметтерде өз қолтаңбасын қалдырған азамат.

Ол бала кезінен оқуға, білуге құштар болғандықтан облыс айнасы саналатын «Атырауды» сонау 1938 жылдан бері, латын әрпімен шыққан кезінен бастап құмарта оқып, қолынан тастаған емес. Сексен жылдан астам уақыттан бері газет көтерген тақырыптарды атап, оған өзінің көзқарасын, бағасын беруді де есінен шығармайды.

– Әрине, телевидение де, қазіргі әлеуметтік желі де жақсы, заманауи. Бірақ, халықтың қолына ұстап, көзімен көріп отыратын газетіне ешқайсысы жетпейді. Алдында айтқандарымыз жылт етеді де жоқ болады, ал газетті қолымызбен ұстап, сандығымызда сақтай аламыз. Арада қанша жыл өтсе де, сарғайып, түсі оңып кетсе де, қайталап оқимыз. Сондықтан, газетті мен бәрінен жоғары қоямын. Өмірдегі серігім үйдегі Сара апаларың болса, руха­ни серігім – «Атырау». Қалам ұстаған қыз-жігіттердің жазары, газеттің жанашыр оқырманы көп болсын! – дейді өзінің 88-ші күзін қарсылап отырған Парух Нәжімеденұлы.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз