СЕГІЗДІК – ШЕКСІЗ БАҚЫТ БЕЛГІСІ

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әкімшілігі көмекке мұқтаж, аз қамтылған, көп балалы, өздері не балалары мүгедек аналарды үйлеріне барып құттықтады.      

Бірінші топ мүгедегі Нұрзила Исламғалиева, екінші топ мүгедектері - Жібек Айдарова, Фаруза Хисметова, «Алтын алқа» иегерлері - Гүлсара Қалиева, Ұлдай Қожықова, үшінші топ мүгедегі Орынша Тілеуімбетовалар осынау мерекеде үйлеріне басқарма басшысының орынбасары Полымбет Хасанов бастаған топтың арнайы барғанына, азды-көпті сый-сияпат табыстағанына дән риза болды. 

– Сегіздік саны – шексіздіктің белгісі, – деді сегіз баланың анасы Ұлдай Қожықова. – Әйел-аналар мен қыз-келіншектер күнінің осы сегіздікпен байланыста болуының мәні зор. Өз басым мұны әйел бақытының шексіздігі деп түсінемін. Замандас құрбыларымның өмірде көрер қызығы мен бақыты, шығар биігі, қол жеткізер табысы мен алар асуы шексіз де шетсіз болсын! 

Бұл тілекке барша адамзат қосылады деп сенеміз. 

Лиза СЕЙТІМОВА.
Суретті түсірген  
Самат ҚАЙЫРЖАНОВТІКІ.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз