Сегіз жүзге жуық жас азамат жеке кәсібін ашты

АПТА: түйін Жаңалықтар

 Атыраулық жастардың арасында кәсіпкерлерлікке бет бұрғандардың саны артып келеді. Облыста соңғы жеті жыл ішінде 2500 астам адам кәсіпкер атанса, олардың 789 – атыраулық жастар.

7e774c58eb70722e199d0b5cf7618026-xl

Соңғы жылдары кәсіп ашушыларға берілетін несие түрлері мен көлемдері де артып отыр. Бұрын несиелер көбінесе мал, егін шаруашылығына алынса, қазір азаматтар полиграфиялық жұмыстарға, жаңа үрдістегі киім түрлерін шығару, шағын оқу орталығын ашу, жылыжайда жаңа өсімдерді шығару бағыттарына алуда.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Шпановтың айтуынша, көптеген жастар өмірлік үлкен тәжірибелері болмаса да кәсіптің арқасында көтеріліп, өз жағдайларын жақсартумен қатар, қосымша жұмыс орындарын құрып, елге қызмет етуде.

– Құрманғазы ауданының Кудряшов округінің 23 жасар тұрғыны Ақмарал Қошанова мемлекеттік бағдарлама арқылы 600 мың теңгеге несие алып, компьютерлік орталығын ашса, Ғалия Сұлтанова есімді Индер ауданының тұрғыны тігін шеберханасын ашып, қыз жасауларын, киім үлгілерін тігу арқылы үш адамды жұмыспен қамтып отыр. Атырау қаласының тұрғыны Миржан Ериманов алғашында жолаушыларды тасымалдау мақсатында 3 миллион теңге несиеге «ГАЗель» автокөлігін сатып алып, халыққа қызмет көрсеткен. Қазіргі кезде екінші рет 5 миллион теңге несиеге автобус көлігін сатып алып, қала сыртындағы елді мекендер арасында жолаушылар тасымалымен айналысып отыр. Атырауда кәсіп ашам демшілерге қолдау бар. Қазіргі таңда М.Ериманов қосымша 2 жұмыс орынын ашып, айналасын жұмыспен қамтып отыр, – дейді Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Шпанов.

Нұрбейбіт Нұғыманов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған