САРБАЗДАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент азаматтарды жедел әскери қызметін өтеуге шығарып салды.

 

Күзгі шақырылым арқылы Отан алдындағы борышын өтеуге жол тартқан азаматтарды аталған департамент бастығы Руслан Неталиев, «Әскери күштер ардагерлері» республикалық бірлестігі филиалының төрағасы Ахмедияр Нұғманов, «Нұр Отан» партиясының өкілі Марат Рахманов, сарбаздардың ата-аналарының атынан Ақжан Төретаева құттықтаса, әскери бөлімшеге бірге жол тартқан жолдастарының атынан сөз алған Асқар Нұрмұханов өздеріне артылған үмітті ақтап, сенімнен шығуға барынша тырысатындарын жеткізді. Сондай-ақ, сарбаздарға облыстық «Иманғали» мешіті мен Успен саборының өкілдері де сәт-сапар тіледі.

Құралай ҚУАТОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз