Сөмкенің ішіне адам салып, әуежайдан өтпекші болған… (+ВИДЕО)

photo 53269 Жаңалықтар

Сот Алматы әуежайында сөмкенің ішіне адам алып өтпекші болған пранкерлерге қатысты шешім шығарды, – деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
photo_53269
Соттың мәліметінше, пранкерлердің бірі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша («Ұсақ бұзақылық») айыпты деп танылып, үш тәулікке қамауға алынды. Қамау мерзімі 24 қаңтардан басталды. Қалған екеуіне қатысты ереже бұзушылық құрамы болмағандықтан, қозғалған іс тоқтатылды. Еске салайық, мұның алдында Алматы әуежайында пранкерлердің ұсталғаны хабарланған болатын. Оқиға 23 қаңтарда болған. Пранкерлердің арасында, әуежай өкілдерінің мәліметінше, 2018 жылы жолдың қарсы бағытымен көлік жүргізіп «танылған» Назар Роллан да болған. Сондай-ақ, осы әзіл үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша 20 АЕК (50 500 теңге) немесе 20 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылғаны айтылған еді.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз