Сұңғат чемпион атанды

сунгат фото Жаңалықтар

Сүйінші!

         Қырғызстан елінің Чолпон-Ата қаласында бүкіләлемдік «көшпенділер ойыны» ұйымдастырылды. Осыдан екі жыл бұрын Ыстық көл жағалуында бастау алған бұл дода биыл үшінші рет өткізіліп отыр. Әлемнің қырыққа жуық мемлекетінен келген 2000 спортшы спорттың 23 түрі бойынша бақ сынады. Жалпы көшпенділер ойынына ертедегі көшпенді халықтардың ұлттық дәстүрге негізделген ойындары енгізілген. Көшпенділер өркенитетінің асыл ұлдары, қазақ халқының ұлттық спорт түрлері де бұл тартыста ойып тұрып орын алғаны анық. Соның бірі — қазақша күрес.

Бес салмақ бойынша сарапқа салынған бес алтының төртеуі қазақ балуандарына бұйырды. Аса ауыр салмақта күмісті олжа тұттық. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-ші орынға ие болды.

Ел намысын қорғаған спортшылардың ішінде, 90 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз, атыраулық балуан Сұңғат Закарияев қарсыласын айқын жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%b3%d0%b0%d1%82-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%b3%d0%b0%d1%82-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-2

«Жеңісімді қазақ елі мен отбасыма арнаймын. Финалда Әзербайжан балуанымен күрестім. Екеуміз 5 минут белдестік, соңғы сәтте ол шаршап қалды. Мен осыны пайдаланып, жеңісті қарсыласымнан жұлып алдым. Финалға жету үшін екі балуанмен күрестім. Яғни, алғашқы қарсыласым Ресей спортшысы болды. Кейін Түрікменстан балуанынан айламды асырдым», – деді ол.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз