Ұрпақ санасынан өшпейтін қасірет

Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған Атырау жұртшылығы саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті. Жеңіс саябағында орналасқан репрессия құрбандарына арналған мемориал маңына жиналған халық жазықсыз жапа шеккендерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазақстанда 1927-1953 жылдар аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, соның 25 мыңы өлім жазасына кесілген. Олардың арасында ғылым, білім саласында қызмет еткен атыраулықтар да аз емес.

Ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойған колоннаның ішінде облыс, Атырау қаласы басшылығы, ардагерлер, депутаттар, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, күштік құрылымдар ұжымдарымен бірге,  геноцид құрбандарының ұрпақтары, студент жастар да болды.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

 

Шолпан Ақботинақуғын-сүргін құрбанының ұрпағы:

– Заманында солақай саясат салдарынан жазықсыз жазаланғандарды еске алу – тәуелсіз ел ұрпағының басты парызы. Менің атам Ыстамғали кезінде ауыл балаларын сауаттандыру үшін мектеп ашқан екен. Ағарту саласына қосқан үлесі үшін атамыз абақтыға қамалған.

Көзі тірісінде жеті перзент сүйген әкемнің екі баласы да ату жазасына кесілген. Зобалаң жылдар біздің отбасымызға осындай орны толмас қасірет әкелді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз